Астана қаласыҚоғам

Астанада жыл сайынғы Универсиада өтеді

Универсиада «Жастар жылы» аясында өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Ертең Назарбаев Университетінде Астана қаласының мәдениет және спорт басқармасы мен Астана қаласы әкімдігінің спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының ұйымдастыруымен жыл сайынғы Универсиада өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Универсиада «Жастар жылы» аясында Астана қаласының жоғары оқу орындары студенттерінің арасында өтеді.

«Қалалық Универсиада жарыстарының қатысушылары  спорттың 18 түрінен сынға түседі. Олар; волейбол (ерлер), тоғызқұмалақ, шахмат, шаңғы жарысы, қысқы Президенттік көпсайыс, асық ату, волейбол (Қыздар), шорт-трек, шағын футбол (Қыздар), гір тасын көтеру, қазақ күресі, қол күресі, шағын-футбол (Ұлдар), жазғы Президенттік көпсайыс, жеңіл жүгіріс эстафетасы, стритбол (Ұлдар), стритбол (Қыздар) және үстел теннисі», деп хабарладымәдениет және спорт басқармасы.

Алдағы жарысқа Астана қаласының жоғары оқу орындарының спорттық дайындығы бар және медициналық тексерістен өткен, дене тәрбиесі құрама командаларының ұжымдары (студенттер және магистранттар) жіберіледі.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, кубоктармен және сыйлықтармен марапатталады. Командалық спорт түрінде (стритбол, волейбол, шағын футбол қыздар және ұлдар) Ойыншылар: «Үздік ойыншы», «Үздік қорғаушы», «Үздік шабуылшы» 3 (үш) номинациясы бойынша құнды сыйлықтармен марапатталады.

Жарыстың мақсаты: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес бұқаралық спортты дамыту; Республикалық және қалааралық жарыстарға қатысу үшін талантты жас спортшыларды қаланың құрама командасына іріктеу; Астана қаласында бұқаралық спортты насихаттау; «2019 жыл – Жастар жылы» бағдарламасын жүзеге асыру.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close