Атырау облысыҚоғам

2018 жылы Теңізден 28,6 млн тонна мұнай өндірілді

2018 жылы Теңізден 28,6 млн тонна мұнай өндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2018 жылы Атырау облысында «Теңізшевройл» ЖШС өндіретін Теңіз кен орнындағы шикі мұнай көлемі 28,6 млн тоннаны (228,2 млн баррель) құрады. 2018 жылы ТШО 1,3 млн тонна сұйытылған газ, 9,2 млрд текше метр құрғақ газ, 2,5 млн тонна күкірт өндірген», – деп хабарлады мұнай компаниясының баспасөз қызметі.

Еске салайық, 2016 жылы ТШО серіктестері Болашақта кеңейту жобасы мен Саға қысымын басқару жобасын қаржыландыру туралы шешімді бекіткенін жариялаған еді.

«Осы жобалар өндіріс көлемін жылына 12 млн тоннаға немесе тәулігіне 260 мың баррельге арттыруға мүмкіндік береді. Өндірістің жалпы көлемі жылына 39 млн тоннаны немесе тәулігіне 850 мың баррельді құрайды», – деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Еске салайық, 2017 жылы Теңізде өндірілген шикі мұнай көлемі 28,7 млн тоннаны немесе 229 млн баррелді құраған болатын.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close