ҚоғамШығыс Қазақстан облысы

Семейдің перинаталдық орталығына қосымша ғимарат беріледі

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтың тапсырмасы бойынша бос тұрған бұрынғы Жедел медициналық көмек ауруханасының ғимараты Семей перинаталдық орталығына берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қаланың ақпарат орталығына сілтеме жасап.

«Біз қазір босанатын барлық жүкті әйелдерді перзентханада қабылдап жатырмыз. Біздің қызметімізді дамыту үшін қосымша ғимарат керек. Осы корпусты алғаннан кейін онда аналар мен балалар үшін қосымша орындар орналастырылады», – деп хабарлады Семей перинаталдық орталығының директоры Арқат Дайырбеков.

Оның айтуынша, барлық құжаттар рәсімделгеннен кейін ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізіледі.

Айта кетейік, мемлекеттік және жеке серіктестік аясында 200 орынға арналған балалар көпсалалы ауруханасының құрылысы бойынша жоба әзірленіп жатыр. Емдеу мекемесі Ұшақтар кентінде тұрғызылады. Оның құрамына балалар жұқпалы ауруханасына кіреді.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close