Атырау облысыҚоғам

2018 жылы Атырау облысының негізгі капиталына 3,7 трлн теңге инвестиция құйылған

2018 жылы Атырау облысының негізгі капиталына 3 трлн 689,5 млрд теңге инвестиция құйылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2017 жылмен салыстырғанда инвестиция көлемі 136% құрап отыр. Бұл өңірдің инвестициялық климатын жақсарту және облыс экономикасына тікелей шетелдік инвестициялар тарту бойынша жасалған жүйелі жұмыстың нәтижесі. Қазіргі таңда аймақ әлемнің 50-ден астам елімен ынтымақтасып жатыр. Облыста мыңнан астам бірлескен және шетелдік кәсіпорын жұмыс істеп жатыр. Атырау экономикасына инвестициялар тарту мақсатында жыл сайын «Global Oil&Gas Atyrau» Солтүстік Каспий өңірлік көрмесі мен «Atyrau Build» құрылыс көрмесі өткізіліп тұрады», – деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Атырау облысының әкімдігі өңірдегі инвестициялық қызметке байланысты мәселелерді тез шешу үшін «Инвесторлар тарту және инвестициялық климатты жақсарту жөніндегі аймақтық кеңес» құрды. Кеңестің құрамына мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, шетелдік компаниялар басшылары мен елшілік өкілдері кірді.

А. Соколов

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close