ҚоғамМаңғыстау облысы

Маңғыстауда биыл бүлдіршіндер 100% балабақшамен қамтылады

Бұл туралы Маңғыстау облыстық білім басқармасының басшысы Асқар Сейдалиев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осыған дейін өңірді балабақшамен қамту үлесі 97,1% болатын. Яғни, балабақша кезегінде Мұнайлы ауданы бойынша 270 бала тұрды.

Жыл сайын халқы өсіп келе жатқан Мұнайлы ауданында балабақша жеткілісіз. Сондықтан биыл аудандағы Маңғыстау ауылында көлемі 638 шаршы метрді құрайтын 125 орындық «Айжанай» жекеменшік балабақшасы ашылады. Нысанның құрылысы 2018 жылдың сәуір айында басталып, қазіргі таңда 35 адамды жұмыспен қамтып отыр.

«Былтыр Мұнайлы ауданында 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді балабақшамен қамтамасыз ету көрсеткіші 96,7% жеткен болатын, яғни 270 бала кезекте тұрған. Ал биылғы жыл соңына дейін осы ауданда 1352 орынды құрайтын 15 жекеменшік балабақша бой көтереді деп жоспарлануда. Нәтижесінде 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді 100% толық балабақшамен қамтамасыз етілмек»,-дейді Асқар Сейдалиев.

Биыл Маңғыстаудағы 3 пен 6 жас арасындағы балалардың балабақшамен қамту үлесі 100 пайыз болмақ. Ол үшін өңірде 2862 орындық 30 балабақша іске қосылады.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close