Атырау облысыҚоғамЭкономика

2018 жылы Атырау облысында сыртқы сауда айналымы 30 млрд доллардан асты

2018 жылы Атырау облысында сыртқы сауда айналымы 30 млрд АҚШ долларынан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тауар айналымының жалпы көлемінде экспорттың салыстырмалы салмағы 92 пайызды құраған – бұл 27,5 млрд АҚШ доллары. Ал импорт көлемі 8 пайызды – 2,5 млрд АҚШ долларын құрады.

«Импорт құрылымында ең көп үлес «Жабдықтар мен механизмдер» – 59,3 пайыз, «Қара металдан жасалған бұйымдар» – 17,7 пайыз, «Химия өнеркәсібі өнімдерінде» – 6,3 пайыз болған. Кеденшілер 43 мыңға жуық декларацияны ресімдеген, бұл өткен жылдың осындай көрсеткіштерімен салыстырғанда 18,4 пайызға көп. Соның ішінде импорт бойынша 36,7 мыңнан астам, ал экспорт бойынша – 6 мыңға жуық декларация ресімделген», – деп хабарлады Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің кедендік бақылау басқармасынан.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close