Астана қаласыҚоғам

Аяздың күшеюіне байланысты Астананың қай көлік тұрағы тегін болады

«Нұржол» желекжолында, ескі вокзалда, әуежайда көлік тұрағы уақытша тегін болады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

«Астананың көлік тұрағы кеңістігі» ЖШС-нен мәлімдегендей, «Нұржол» желекжолындағы көлік тұрағын пайдалану уақытша тегін болады.

«Құрметті Астана тұрғындары мен қонақтары! Сіздерге қазіргі ауа райының қолайсыз кезеңінде, яғни осы жылдың 6-7 ақпанында «Нұржол» желекжолындағы көлік тұрағын пайдаланғаныңыз үшін ақы төлемейтініңізді хабарлаймыз», – делінген компанияның хабарламасында.

Оған дейін, Smart Astana қосымшасында ескі теміржол вокзалы мен әуежайда да авто тұрақты пайдалану тегін екендігі хабарланған болатын.

«Ауа райының қолайсыздығына байланысты ескі теміржол вокзалы мен әуежай маңындағы көлік тұрақтары тегін жұмыс істейді, яғни шлагбаум көтеріліп тұрады. Кіру және шығу тегін», – делінген таратылған хабарламада.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close