ҚоғамМаңғыстау облысы

Жаңаөзенде медициналық орталық құрылысы жалғасады

Жоспар бойынша нысан мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмы арқылы инвестордың қаржыландыруымен медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілетін болады.

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Жаңаөзен қаласына барды. Ол ең алдымен қалалық медициналық қалашықтың аумағында құрылысы тоқтап тұрған 50 төсек орындық медициналық орталықпен танысты, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

«Өзенмұнайгаз» АҚ есебінен салынып басталған медициналық орталықтың іске қосу мақсатында, қазіргі таңда «Өзенмұнайгаз» АҚ бірлесіп іс-шаралар жоспары бекітілді.

«Жоспарға сәйкес «Өзенмұнайгаз» АҚ жобаның ЖСҚ қайта жасақтап, мемлекеттік сараптамадан өткізіп, құрылысы аяқталмаған нысан ЖСҚ-мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының балансына беріледі. Содан соң, «Өзенмұнайгаз» АҚ әлеуметтік міндеттемелер шеңберінде 2019 жылға өңірдің инфрақұрылымын дамытуға берілетін қаржы лимитіне қосымша қаржы бөліп, бұл қаржы облыстық денсаулық сақтау басқармасы арқылы нысанның құрылысын аяқтауға жұмсалатын болады», – делінген таратылған хабарламада.

Жоспар бойынша нысан сенімгерлік басқару немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмы арқылы инвестрдың қаржыландыруымен медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілетін болады.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close