Ақмола облысыЭкономика

Ақмоланың Аршалы ауданына 34,1 миллиард теңге инвестиция салынды

Ақмола облысы Аршалы ауданының әкімі Талғат Мұханбетжанов өңірлік коммуникациялар қызметінде өңірдің 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы брифинг өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Талғат Мұханбетжанов аудан тұрғындарының әл-ауқатын арттыру бағытында жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламар мен әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталды.

Астана агломерациялық аймағына енген Жібек жолы, Жалтыркөл, Волгодоновка, Қостомар, Қойгелді ауылдары мен 42-ші Разъезд және Бабатай стансаларындағы тұрғындарың саны жедел өсіп келеді.

«Бүгінгі таңда ауданда 36 кәсіпорын жұмыс істейді. Оның ішінде негізінен темірбетон өнімдері, қиыршық тас, құм өндіріледі. «Қазшпал» акционерлік қоғамы мен «Аркада Индастри» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өткен жылы 4 миллиард теңгенің өнімін шығарды. Осының ақасында ауданда өнеркәсіп саласында біршама өсім байқалды. Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны өсті. Аудан экономикасына салынған ивестиция көлемі 34,1 миллиард теңгені құрады», – деді аудан әкімі Талғат Мұханбетжанов.

Брифингте айтылғандай, ауданда үй құрылысы саласын дамытуға жеткілікті көңіл бөлінуде. Сонымен қатар, денсаулық сақтау, білім, мәдениет нысандарын салу және күтіп ұстау жұмыстары да ұдайы назарда. Ауданда су жəне электрмен жабдықтау мəселесін шешу қолға алынуда.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close