Астана қаласыБасты жаңалықтарҚоғам

Жастар жылы – зор мүмкіндік

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Нұр Әлем» павильонында  «Тәуелсіздіктің ұрпақтары»  атауымен Жастар жылының ашылу салтанаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Жастарды жан-жақты қолдауға және елде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға бағытталған іс-шаралардың ауқымды жоспары іске асырыла бастады.

Жастар жылын өткізуге қатысты пікірімен Гүлназ Сейітқамал мен Динара Қанапьянова бөлісті.

«Бұл жыл мен үшін аса қымбат. Біз – еліміздің болашағымыз. Жастар жылын өткізу арқылы біз елімізді әлемдік аренадағы беделін арттыра аламыз.Осы жылы 500-ге жуық мерекелік шара өтеді деп күтілуде.

ЖОО үшін ең басты жиындардың бірі – «Жастар Жалыны» фестивалі. Көптеген белсенді де талантты студенттер өз бағын сынап, өздерін көрсету мүмкіндігіне ие болады.

Мен бұл жылдан көптеген өзгерістерді күтемін. Болашақ жастардың қолында болғандықтан,біздің қолымыздан келмейтін ештеңенің жоқтығына сенімдімін! Ең бастысы – бағыт бағдарымыз анық, жолымыз жарқын», – деп жазды С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ студенті Гүлназ Сейітқамал.

Ал «Тұран – Астана» университетінің студенті Дариға Қанапьянов барша жастарды аталмыш жылды өткізуге атсалысуға шақырды.

«Атаулы жылдан барша қазақстандықтар зор үміт күтеді. Өйткені, Қазақстанның болашағы жастардың қолында. Еліміздің болашағын біз қолға алмасақ, кім алады?  Ата-бабаларымыздың сара жолымен, Елбасымыздың салиқалы саясатымен біз Қазақстанның әлемдік аренада жетер жетістіктерінің санын арттыратынымызға еш күмәнім жоқ. Сол себепті дәл бүгінгі күннен, дәл осы сәттен бастап, білімге , өнерге жүгініп, руxани,мәдени дамып, өзімізді бәсекеге қабілетті етіп танытуымыз керек. Жастар жылы бұл ретте аса зор мүмкіндік болмақ. Еліміздің тірегін бірге қалайық, ағайын!», – дейді ол.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close