Басты жаңалықтарҚоғам

Елбасының қатысуымен Жастар жылының ашылу салтанаты басталды

Бүгін елордадағы «Нұр әлем» павильонында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты жастар жылының салтанатты ашылу рәсімі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шара басталар алдында «Жас қазақстандықтардың жобалары» көрмесінде Қазақстан Президентіне дарынды жастарымыздың «NNaimi.kz», «Shoqan suits», «Qazaq eli», «Beyond», «Kusto Group» секілді табысты жобалары таныстырылды.

Салтанатты рәсімде Мемлекет басшысы Жастар жылының маңыздылығы туралы сөз сөйлейді деп күтілуде. Сонымен қатар ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаевтың еліміздегі мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттары мен жетістіктері туралы баяндамасы жоспарланған.

Мұнан бөлек спикерлер ретінде әртүрлі салада жетістікке жеткен жастардың белсенді және креативті өкілдері, оның ішінде жас кәсіпкер Расул Абдуллаев, жас ғалым әрі стартапер Иван Крепак, еріктілер өкілі Айсұлу Ерниязова, аграрлық сала өкілі Тамила Розметова сөз сөйлемек.

Жастар жылының ашылуына Үкімет мүшелері, ҚР Парламенті депутаттары, жергілікті атқарушы орган басшылары, ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты кеңесінің мүшелері, «100 жаңа есім» байқауының жеңімпаздары, «Болашақ» бағдарламасының түлектері, жас ғалымдар қатысуда. Сонымен қатар бұл жиынға шығармашылық, студенттік және жұмысшы жастардың өкілдері, жас спортшылар, дарынды балалар, заманауи медиа саласының өкілдері, балалар үйінің тәрбиеленушілері мен түлектері, жас әскери қызметшілер келген.

Еске сала кетсек, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына биылғы Жолдауында 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынған болатын.

Президент өз сөзінде жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керектігін айтқан еді. Ал, арада бір айдан астам уақыт өткенде Елбасы Жарлығымен 2019 жыл Жастар жылы деп жарияланды.

Дереккөз
https://www.inform.kz/kz/elbasynyn-katysuymen-zhastar-zhylynyn-ashylu-saltanaty-bastaldy_a3490738

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close