Басты жаңалықтарҚоғам

МӘМС: 2019 жылы кім, қалай, қанша жарна төлейді?

Астаналықтар енді медициналық сақтандыру жарнасын ыңғайлы да үнемді жолмен жолмен төлей алады.

Бірыңғай жиынтық төлемді кімдер және қанша төлейді?

2019 жылдың қаңтар айынан бастап елімізде жаңа төлем жүйесі – бірыңғай жиынтық төлем жүйесі  (БЖТ) енгізілді. Ол төрт түрлі төлемді – жеке табыс салығы, міндетті зейнетақы жарнасы, медициналық және әлеуметтік сақтандыру қорына жасалатын жарналарды біріктіреді. Бірыңғай жиынтық төлем жүйесі қарамағына жұмыскер алмай, табыс табу мақсатында жеке тұлғаларға қызмет көрсететін азаматтарға арналған. Яғни, осы төлем жүйесімен жарна төлеу арқылы елордалық өзін-өзі қамтушылар да міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуға мүмкіндік алады. Осылайша азаматтар уақыты мен қаржысын үнемдеп ғана қоймай, болашақта жеке басына қажетті төлемдерден қол үзбейді.

БЖТ мөлшері: республикалық маңызы бар қалалар үшін –  1 АЕК; басқа елді мекендер (аудан, ауыл, т.б.) үшін – 0,5 АЕК.

Ағымдағы жылы жарна мөлшері қандай болмақ?

2019 жылы елордалық жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен жұмыскер үшін оның табысының 1,5% мөлшерінде жарна аударады. Төлем бойынша шектеу де бар екенін ескеру керек: егер азамат ең төменгі жалақы көрсеткішінің 10 есе мөлшерінен жоғары сомада жалақы алатын болса, тек 10 ең төменгі жалақы көрсеткішінен ғана жарна төленеді.

2020 жылдан жұмыс берушілер мен басқа да азаматтар қанша төлейді?

Астана қаласындағы жұмыс берушілер өз жұмыскерлері үшін жарна аударуды жалғастыра береді. 2020 жылдан бастап олар өз қаражаты есебінен жұмыскер үшін оның табысының 2% мөлшерінде және жұмыскер қаражаты есебінен оның табысының  1% мөлшерінде жарна аударады.

Жеке кәсіпкерлер өзі үшін тиісті қаржылық жылдағы ең төменгі жалақы 1,4 есе мөлшерінен 5% жарна төлейді.

Ал мемлекет 2020 жылдан бастап халықтың 13 санаты үшін жарна аударады. Олар: балалар, зейнеткерлер, оның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, көп балалы аналар, жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, бала күтіміне байланысты демалыстағы аналар, мүгедектер және мүгедек балаларға күтім жасайтын адамдар, тіркелген жұмыссыздар, жұмыс істемейтін оралмандар, студенттер, интернат тәрбиеленушілері, тергеу изоляторларындағылар мен түрмедегілер.

Медициналық сақтандыру қорына өз бетімен жарна аударатындар, яғни ресми түрде еш жерде тіркелмегендер, 2020 жылдан бастап ай сайын ең төменгі жалақы көрсеткішінің 5% мөлшерінде жарна төлейді.

Медициналық сақтандыру қорына келіп түскен қаржы, өз кезегінде Астана қаласындағы емдеу мекемелері көрсеткен медициналық қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ

Астана қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close