ҚоғамСолтүстік Қазақстан облысы

Солтүстiк Қазақстанда «7-20-25» бағдарламасы сәттi жүзеге асуда

Облыс әкiмi Құмар Ақсақалов Петропавлдағы құрылыс нысандарын аралады. «7-20-25» бағдарламасы аясында салынып жатқан 79 пәтерлi үй қаңтардың соңында тапсырылады. Қазiр бұл бағдарлама бойынша пәтерлер сұранысқа ие. Жалпы, жыл соңына дейiн аталмыш бағдарлама бойынша 500 пәтердi қолданысқа беру жоспарланған. Облыс әкiмiнiң айтуынша, қазiрдiң өзiнде 200 солтүстiкқазақстандық бағдарламаның қатысушысы атанған.

Былтыр облыста құрылыс көлемi 80 млрд.теңгенi құрады. Биыл құрылыс қарқыны үдей түспек. Өңiр басшысы ауқымды жұмыстарға жергiлiктi құрылыс материалдарын қолдану керек дейдi.

«Биыл бiз өзiмiздiң құрылыс материалдарына басымдық беретiн боламыз. Құрылыс көлемi ауқымды. Бiздiң облысқа 7-10 млн кiрпiш қажет. Осының барлығын өзiмiзде шығаруымыз керек», — дедi Құмар Ақсақалов.

Облыста үш ауысымдағы мектептердi жою бойынша жұмыстар жүргiзiлуде. 2017 жылы облыста 7600 бала бiрiншi сыныпқа барса, 2018 жылы 9 мың оқушы мектеп табалдырығын аттады. Қазiр Петропавлда 1500 орынға шақталған екi мектеп салынуда. «Жас өркен» және «Береке» ықшам аудандарындағы жаңа мектептер осы жылдың қыркүйек айында ашылады. Кешендi жоспар аясында Уәлиханов көшесiнде 900 орындық тағы бiр мектептiң құрылысы басталды.

«Жас өркен» шағын ауданында 500 көрерменге арналған заманауи театрдың құрылысы басталды. Мәдени нысанды биылғы жылдың қыркүйек айында тапсыру көзделген.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close