Маңғыстау облысыЭкономика

Маңғыстауда шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандар үлесі 44,9 пайызды құрады

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов Маңғыстау облысының кәсіпкерлері мен қаржы институттары өкілдерімен кездесті. Өңір басшысы Маңғыстаудағы шағын және орта бизнесті қолдау мен дамыту бойынша жұмыс нәтижелерімен бөлісті.

2018 жыл қорытындысы бойынша Маңғыстау облысында 51 мың шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істеп тұр. ШОБ-те еңбекпен қамтылғандар саны 120 мың адам немесе 44,9 пайыз. Екінші дәрежелі банктер маңғыстаулық кәсіпкерлерге жалпы сомасы 27 млрд.теңге несие берді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға көп. Бөлінген микрокредиттердің көлемі 2,2 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есе көп.

«Елбасымыз жаңа «2019 жыл – жастар жылы» деп жариялады, сол себепті біз бүгінгі күні облыстың жас кәсіпкерлерін де атап өткіміз келеді.

Мысалы, бұл: Артем Дмитриевич Чигин, Жаңаөзен қаласындағы ең үлкен жиһаз салоны ашты және жиһаз өндірісінен бастап клиенттерге пәтерлер мен кеңселерге жобалау-монтаждау қызметтерін ұсынады. Ақтау және Жаңаөзен қалаларында жастар үшін көптеген әлеуметтік жобалар жасаған және мәдени іс-шаралар ұйымдастырған PR агенттігінің жетекшісі Ерубаев Ерлан Байрамұлы. Анара Ануарқызы Сейдалиева жасына қарамастан, құрылыс компаниялары тобының жетекшісі болып табылады және жабындық плиталар мен басқа да темірбетон бұйымдарын өндіру үшін аймақта жоғары технологиялық зауытты іске қосты. Анар белсенді азаматтық позицияны ұстанады және аймақтағы экологиялық іс-шараларға белсенді түрде қатысады.

Қанат Рахымұлы Абдиев Маңғыстау ауданы Сай-Утес кентінде өз достарымен бірге ойын алаңдарын, жолдарды қалпына келтіріп, үлкен қайырымдылықпен айналысатын жас меценат» – деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

Кездесу соңында өңір басшысы қаржы институттары, екінші дәрежелі банк өкілдері мен бизнесмендерді, сонымен қатар, қоғамдық ұйымдар мен кәсіпкерлерді аймақтағы кәсіпкерлікті дамытуға ат салыстқандары үшін ағыс хаттармен марапаттады.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close