БілімЖамбыл облысы

Таразда Назарбаев мектебіне қабылдау басталды

Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Талғат Байназаров 7-сынып оқушыларын мектепке қабылдайтын конкурстық іріктеу басталғанын мәлімдеді. Сондай-ақ ол оқу орнының жүйесі, оқу бағдарламалары мен жобалары туралы айтып берді.

– «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2019-2020 оқу жылына Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында білім алу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөнінде конкурс жариялады. Талапкерлердің құжаттары 2018 жылдың 26 қарашасынан 2019 жылдың 19 қаңтарына дейін Тараз қаласы Домалақ ана көшесі 266 мекен-жайы бойынша қабылданады. Жалпы толық ақпаратты www.nis.edu.kz сайтындағы «Үміткерлер» бөлімінен ала алсыздар, – деді Талғат Бейсембекұлы.

Сондай-ақ ол Назарбаев мектебінде оқып жатқан оқушылардың шамамен 70 пайызы қазақ сыныбында білім алып жатқанын айтты. Ал өткен жылы зияткерлік мектепке түскен 100 оқушының 80-і қазақ сыныбын таңдаған екен.

Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Талғат Байназаров, Директордың оқу ісі бойынша орынбасары Назиля Тұрмаханбетова, мектеп оқушысының ата-анасы Гүлмира Дайрабаеваның қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Спикерлер Назарбаев Зияткерлік мектептеріне түсу» туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close