Ақмола облысыСпорт

«Арлан» ХК Ирландияға Құрылықтық кубоктың финалына қатысады

Көкшетау қаласының «Арлан» ХК Белфаст қаласында (Ирландия) өтетiн Құрылықтық кубоктың финалына қатысу үшiн сапарға аттанды.

Команда Көкшетау-Астана-Лондон-Белфаст бағыты бойынша 6450 км қашықтықты жүрiп өтедi.

Құрылықтық кубоктың финалында көкшетаулық «Арлан» ХК алғашқы ойынын 11 қаңтар күнi сағат 21.00-де «Катовице» ХК-мен (Польша) өткiзедi. Екiншi ойынды «Арлан» ХК 12 қаңтарда сағат 21.00-де «Гомель» ХК-мен (Беларусия) қарсы өткiзедi. Үшiншi ойында «Арлан» ХК 13 қаңтарда сағат 23.00-де «Белфаст Джайантс» ХК-мен (Ирландия) кездеседi. Матчтардың басталуы Астана уақытымен көрсетiлген.

Өткен жылдың қарашасында «арландар» Лионда (Франция) Құрылықтық кубоктың аясында үш матчта үш жеңiске қол жеткiзiп, турнирдiң финалына шыққан болатын.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close