Басты жаңалықтарҚарағанды облысыҚоғам

Прокуратура қазақстандықтарға ескерту жасады

Қарағандыда мейрамхана маңында болған қанды оқиғадан кейін облыстық прокуратура тұрғындарға ескерту жасады. Себебі әлеуметтік желілерде оқиғаға қатысты пікір білдірген қолданушылар төбелестің ұлтаралық кикілжің салдарынан туындағаны туралы жалған ақпарат таратуда, деп хабарлайды Қарағанды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Осылайша, оқиғаға қатысты тақырыпты желеу етіп отырғандар қазақстандықтар мен төбелеске қатысқандардың жақындарын заңсыз әрекеттерге арандатып, жалған ақпарат таратып жатыр. Өз кезегінде прокуратурадағылар мұндай әрекеттің Конституцияға және мемлекеттің заңдарына қайшы екенін ескертті.

«Осыған байланысты барлық жеке және заңды тұлғаларды, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін қатаң азаматтық позициясын танытуға, арандатушылыққа бой бермеуге шақырамыз. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу максатында, «Прокуратура туралы» заңның 32-бабын басшылыққа алып, түсіндіремін. Заңсыз митингтерге шақыру, ұйымдастыру және оған қатысу қатаң заң бұзушылықтың белгісі болып табылады, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке әкеледі (Әкімшілік кодекстің 488-бабы және Қылмыстық кодекстің 400-бабы).

Сонымен қатар, әлеуметтiк, ұлттық, нәсiлдiк, азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадiр-қасиетiн не дiни сезiмдерiн қорлауға бағытталған қасақана әрекеттер, Қылмыстық кодекстің 174-бабымен жауапкершілікке әкелетінін түсіндіремін», – дейді прокурор Сексембаев.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close