ДенсаулықШығыс Қазақстан облысы

ШҚО-да корпоративтен бас тартып, ақшаларын балалар үйіне жұмсаған шенеуніктер бар

Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы жаңажылдық ұжымдық кешке жинаған қаражаттарына балалар үйінің бөбектеріне түрлі сыйлықтар мен ойыншықтар сатып алды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Өңірдің денсаулық сақтау басқармасының өкілдері бірауыздан келісіп, биыл жаңа жылдық ұжымдық кешті өткізудің орнына жиналған ақшаға денсаулық сақтау басқармасына қарасты Өскемендегі мамандандырылған балалар үйінің бөбектеріне арнап түрлі ойыншықтар мен сыйлықтар алуды шешкен. Шешіп қана қоймай,  Жібек маталар комбинаты ықшам ауданында орналасқан мекемеге арнайы барып, түрлі ертегі кейіпкерлерінің кейпіне еніп, балаларға қызықты қойылымдар да қойып берді. Сатып алынған ойыншықтар да кішкентай бүлдіршіндердің көңілінен шықты.

– Жаңа жыл балалар үшін ең қызықты мереке. Сондықтан биыл бүлдіршіндерді осылай қуантқымыз келді. Олар Аяз атаға және ертегі кейіпкерлеріне сенеді, сондықтан олардың көңілін тапқымыз келді. Игі бастама алдағы уақытта да жалғасады. Дәстүрге айналдырмақпыз.  Семей қаласында да осындай шара өтті, онда да мамандандырылған балалар үйі бар, – деді  мерекеде доктор Айболиттің рөлін сомдаған облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Шоранов.

Атап өтерлігі, бұл мекемеде 3-5 жас аралығындағы сексенге тарта бүлдіршін тәрбиеленуде.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close