СаясатШығыс Қазақстан облысы

Ономастикалық өзгерістер жалғаса береді – Даниал Ахметов

Тұрғындар сұрағы: 

– Соңғы жылдары өңірдегі бірқатар елді мекендер мен көшелердің атаулары ауыстырылып, қазақшаланды. Осы игі үрдіс келесі жылы жалғасын таба ма?

ШҚО әкімінің жауабы:

– Облыстағы барлық елдімекендерде 8 мыңнан астам көше бар екен. Біз соңғы екі жылда 314 көшенің атын өзгерттік. Мәселен, Семейдегі Ленин көшесі «Мәңгілік Ел», Полковничий аралы – «Бейбітшілік», Өскемендегі Карл Маркс даңғылы «Қазыбек би» атауларын алды. Бір күн бұрын ғана Үкімет қаулысымен Зырян ауданы мен қаласының атауы «Алтай» деп өзгертілді. Бұл бастаманы жергілікті халықтың өзі ұсынды, аудандық мәслихат тұрғындар пікірін 100 пайыз қолдады. Әлбетте, бұл өзгерістер алдағы уақытта да жалғасын табады. Бірақ, осы ретте біз Қазақстанның көпұлтты біртұтас ел екенін қаперден шығармауға тиіспіз дегім келеді. Жаңадан салынған көшелерге Брусиловский, Чехов, Менделеев, Толстой, Бах, Брамс сынды ұлы тұлғалардың есімін неге бермеске?! Жас ұрпақ оларды да танып-білуі қажет. Яғни, ономастика мәселесінде біржақты ұстанымда қалуға болмайды.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close