Шығыс Қазақстан облысыЭкономика

Қытайға ШҚО орманы не үшін керек?

Шығыста қытай инвесторлары ағашты қайта өңдейтін зауыт салмақ, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Облыстың бас табиғат қорғаушысына осы сұрақ сұрақ жолданды. Тікелей эфир барысында.

– Қытай инвесторлары жуырда өңірдегі кәсіпорындарға келіп кетті. Иә, шетелдіктерге орманымызды неге береміз деп, алаңдап жатқандар бар. Заң бойынша, тендерге тек қазақстандықтар түседі. Орман өнімін түгелдей шетелге шығаруға болмайды. Қытай инвесторлары сапасыз ағаш сүрегін қайта өңдейтін зауыт салуға ғана кіріседі. Кейін ол жерде біздікілер жұмыс істеп, шетелдерге экспорттайды, – деп жауап берді Мұрат Құсайынов, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы.

Мұрат Құсайынов еліміздегі ірі орманды алқабы бар облысымызға зиян келмейтіндігін, шығын шықпайтындығын айтты.

Дереккөз
https://kaz.altaynews.kz/archives/47431

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close