ҚоғамПавлодар облысы

Павлодар әкімдігі 50 млн теңгеге қызметтік пәтер сатып алған

Желіде Павлодар қаласының әкімдігі 50 миллион теңгеге пәтер сатып алғандығы туралы жаңалық тарап кетті. Бұл жалпы ауданы 90 ш.м. болатын екі деңгейлі пәтер 2018 жылы салынған жаңа тұрғын үй кешенінде орналасқан. Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Аян Бейсенин, бұл қаладағы үйлердің тұрғын үй алаңына байланысты қойылатын талаптарды қанағаттандырмағаны үшін, қымбат тұратын пәтер сатып алынғандығы деп түсіндірді.

Ал біз, өз кезегімізде, мұндай «алтын сарай» іші қандай болуы мүмкін екенін білгіміз келді. Егер krisha.kz сайтына сүйене отырып айтатын болсақ, Павлодардағы пәтерлердің орташа бағасы 15 миллион теңгеден аспайды. Біздің пайымдауымызша бұл үйдің ішінде шамамен Қытайдан әкелінген 30 миллион тұратын 24 караттық алтын дәретхана, немесе бағасы 5 миллионға жететін ең қымбат жиһаз болуы әбден мүмкін. Немесе, тіпті 30-35 миллиондай тұратын, гауһар тастармен сәнделген хан тағы орналасқан шығар. Өкінішке орай, Павлодар әкімшілігі өз рұқсатын бермегенше, бұл «алтын сарайдың» ішіндегі кереметтерді көре алмаймыз.

Осындай ақшаның босқа кеткеніне ашуланған әлеуметтік белсенділер, қай шенеуніктердің Жаңа жыл қарсаңында мұндай керемет сыйлықты алатындығын және ең бастысы, қай жасаған ерлігі үшін екен деген сұраққа жауап таба алмауда

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close