Қызылорда облысыОблыстар

Қызылордада жас жігіт бір сағатқа пәтер жалдап, суицидке барған

Қызылордада жалға берілетін пәтерлердің бірінде 21 жастағы жігіттің денесі табылды.

Куәгерлердің сөзінше, 97-ші жылғы жігіт жуынатын бөлмеде асылып тұрған жерінен табылған. Заттарының арасында үш жеке куәлік табылыпты.

Жас жігіт пәтерді бір сағатқа жалға алыпты. Уақыты аяқталғаннан кейін пәтерге келген үй иесі мәйітті көріп, тәртіп сақшыларына хабар берген.

Сол үйде тұратындардың бірі пәтерден шудың даусы естілді десе, екіншісі ешқандай нәрсе естімегендерін айтады.

Жігіт өлерінің алдында хат жазып қалдырған. Онда ол ата-анасымен ренжіскенін, сол себепті өзіне қол жұмсауға бел байлағанын жазыпты.

«Өзіне қол жұмсау фактісі тіркелді. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда», – деп хабарлады Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Дереккөз: Nur.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close