Басты жаңалықтарҚоғам

Қазақстанда кино билеттері қымбаттады

Елімізде кинотеатр билеттері қымбаттады, деп хабарлады «Хабар 24».

Қазақстанда кино билеттері қымбаттаған. Орташа баға 1224 теңге шамасында болып отыр.

Еліміздегі ең қымбат билеттер Атырауда сатылады екен. Ranking.kz деректеріне сүйенсек, мұндағы билеттердің орташа құны 1749 теңгені құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,1 пайызға жоғары. Астана мен Көкшетауда да билет құны қымбат. Дегенмен, Астанада баға сәл төмендеген.Ал Қарағанды мен Оралда киноны шамамен 970 теңгеге көруге болады.

Жалпы жыл басынан бері мәдениет, демалыс және ойын-сауық саласындағы қызметтер 5,2 пайызға қымбат бағаланған. Мамандар мұндай көрініс соңғы жылдары қалыпты жағдайға айналғанын айтады.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close