Қоғам

Баян Алагөзова күйеуінің екінші әйел алуына қарсы емес

Белгілі продюсер, атышулы Баян Алагөзова күйеуінің екінші әйел алуына қарсы емес екенін айтқаны үшін даудың ортасында қалды.

Бұл жолы ол бірнеше әйел алу мен бірнеше күйеулі болуды заңдастыру керек екенін және бұл заң қазақ халқының демографиялық жағдайын көтеруге, махаббатқа жаңа қуат беретініне сенімді екенін айтты.

Соңғы кезде біздің елде көп әйел алуды заңдастыру мәселесі қарқынды түрде талқыға салынып жүр. Бұл мәселенің туындауы бекер емес. Дерекке дәлел қажет емес, біздің елде ерлердің саны әйелдердің санын әлдеқайда аз.

Баян Алагөзованың айтуынша, көп әйел өз теңін таба алмай, жалғыз, бақытсыз болып қалып жатыр. Көп әйел алуды заңдастыра отырып, әйел мен ерлердің теңдігін ұмытпау керек екенін де айтады шоу-бизнес өкілі. Көп әйел алуды заңдастырумен қатар, бірнеше күйеулі болуды адамдардың еркін өмір сүруге көмектесетінін айтып, ол өзінің күйеуінің екінші рет үйленуіне қарсы емес екенін де қоса кетті. Бұл ақпаратты ол өзінің инстаграмм парақшасында жариялаған. Алайда бұл пост қатты сынға түскені үшін өшіріп тастады.

Ілмектер

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close