Басты жаңалықтарСаясат

«Ұлы даланың жеті қыры» түрік, әзербайжан, қырғыз тілдеріне аударылды

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы түрік, әзербайжан, қырғыз тілдеріне аударылды. Мақала ғылыми деректерге сүйене отырып, ұлы даланың жеті қырын жете түсіну керектігі баяндалған.

Атап айтқанда, «Атқа міну мәдениеті», «Ұлы даладағы ежелгі металлургия», «Аң стилі», «Алтын адам», «Түркі әлемінің бесігі», «Ұлы Жібек жолы», «Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны» деп әрбір тарихи құндылыққа жеке-жеке тоқталып өткен.

Президент мақалада көтерілген мәселелер негізінде «Архив – 2025», «Ұлы даланың ұлы есімдері», «Түркі әлемінің генезисі», «Ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі», «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы», «Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі» атты жобаларды жүзеге асыру керектігін атап өтті.

https://aikyn.kz/2018/11/25/74237.html

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close