Экономика

Елмізде көмір бағасы 18% төмендейді

Елімізде коммуналдық төлемдердің тарифі қаншаға төмендейді?

Азық-түлік бағасы шарықтап кетпес үшін қандай шаралар қолға алынбақ? Бүгін бұл мәселе Үкімет отырысында қаралып жатыр.

Жарық бағасын төмендету шаралары бойынша Энергетика министрі баяндама жасады. Қанат Бозымбаевтың айтуынша, 1 мегаватт электр энергиясы үшін 590 мың теңге шекті баға белгіленді. Тиісті бұйрық қазір Әділет министрлігіне жолданған. Ал жылу бағасын төмендету үшін министрлік келер жылдан бастап электр станциялары үшін газдың көтерме бағасын төмендетпек. Көмір бағасы болса 18%-ға төмендейді. Нақтырақ айтсақ, 14 500 теңгеден 11 200 теңгеге дейін арзандайтын болады. Айырмашылығы – 2 400 теңге. Қазір көздеген мақсатқа қол жеткізу үшін Инвестициялар және даму министрлігі  Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығы жергілікті атқарушы органдарымен меморандумға қол қойып жатыр. Бұл ретте Үкімет басшысы министрлікке бұл жұмысты тезірек аяқтап, келер жылға дейін көмір бағасын төмендетуді тапсырды. Осы орайда айта кетейік, бүгінгі күні жылумен, сумен және электр энергиясымен жабдықтау саласындағы 32 монополист тарифтерді 20.3 млрд теңгеге төмендетуге міндеттелді.

Жаңа жылдық мерекенің алдында азық-түлік бағасы ерекше бақылауда болады.

Сондай-ақ қазір еліміздің сегіз облысы және Алматы мен Шымкент қалалары 85% көмірмен қамтамасыз етілген.

Шұбаркөл разрезіндегі көмірдің бағасы орташа есеппен 15-20%-ға төмендейді. (Коммуналдық-тұрмыстық қажеттілікке және халықа жөнелтілген жалпы көлемнен Шұбаркөл көмірінің үлесі 40%). Шұбаркөл көмірі Шығыс Қазақстан облысынан басқа еліміздің барлық өңіріне тасымалданады.

Қаражыра разрезіндегі қоймаларда көмірдің бағасы 800 теңгеге (6%) төмендейді.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close