Ақтөбе облысыДенсаулық

Ақтөбе облысы Оңтүстік Кореяның алдыңғы клиникаларымен әріптестікті арттыруда

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Оңтүстік Кореяға жұмыс сапары барысында Сеул ұлттық университетінің госпиталіне барды. Жетілдірілген медициналық мекеменің президенті Чан Сок Со аймақ басшысын денсаулық сақтау саласындағы жаңа технологиялармен, ғылыми-зерттеу зертханасының, онкологиялық орталықтың және радиология бөлімінің жұмысымен таныстырды. Осы жерде Бердібек Сапарбаев пен Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшісі Бақыт Дүйсенбаевтың кездесуі өтті.

Тараптар бұрын қол қойылған ынтымақтастық туралы келісімдер аясында одан әрі ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.

Ақтөбедегі кешенді диагностикалық Check-up орталығының құрылыс жұмыстары барысына ерекше назар аударылды. 5 миллиард теңге тұратын жоба Сеул ұлттық университетімен мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында жүзеге асырылуда. Медициналық орталықтың бірегейлігі – әрбір адам барлығы 4 сағатта толық тексеруден өтіп, өз денсаулығы туралы барлық ақпаратты таба алады.

Бердібек Сапарбаев қазіргі кездегі құрылыс кезеңінде Check-up орталығы үшін мамандарды даярлауға ерекше назар аудару керек екендігін атап өтті.

– Біз Оңтүстік Кореяда да, Ақтөбеде де біздің әріптестерімізді Ақтөбеге ең үздік мамандарымызды жіберіп сол жерде оқытамыз. Бұл мәселе сіздің аймағыңыздың денсаулық сақтау бөлімімен толықтай жасалатын болады, – деді госпитальдің вице-президенті профессор Кванг Вунг Ли. Жұмыс сапарының барысында облыс әкімі Оңтүстік Кореяның «Енсе» университетінің «Северанс» госпиталінің бас директоры Ли Бён Сокпен кездесіп, ынтымақтастықтың одан әрі нығаюын талқылады.

Айта кетейік, биылғы жылдың басында Ли Бён Сок және оның басқаруындағы госпитальдің ұжымы Ақтөбе облысының «Бақытты бала» жобасына белсенді қатысып, мұқтаж балаларға кеңестер мен жоғары білікті медициналық көмек көрсетті. Сонымен, Оңтүстік Кореяда күрделі патологиялары бар үш ақтөбелік бала тегін емделді.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close