Басты жаңалықтарҚоғам

Әбләзов ДВК белсендісін ұстап берген

Әсет Наржаубай 2017 жылдан бері ДВК экстремисттік тобының құрамында болып, белсенді түрде ұйымның атынан ғаламтор желісінде үндеулер жасап, пікірталастар жүргізген. Ал 2018 жылдың қаңтар айынан бастап ол Мұхтар Әбләзовпен тікелей байланыста болып, тек соның айтқанын орындаған. Оның айтуынша Әбләзов екеуінің жеке хаттарын ешкімге айтпаған. Әсет Назарбаев – Райымбек кошелерінің қиылысында «Шал Кет!», «Двк алға!» деген жазбарларын қалдырған. Сотталушының айтуынша ол тек Әбләзовтың айтуымен ғана, соның сызған бағытымен ғана жүргенін айтады. Ол ақпараттарды жинап, видео, фотоға түсіріп, өңдеп Әбләзовқа жіберіп отырған. Ал Мұхтар болса оны өз жеке парақшасында жариялап отырған. Соңғы уақытқа дейін Әсет ДВК ұйымынан бас тартпайтынын, оларды қолдайтынын айтқан еді. Бірақ та Әбләзовтың нөкерлері онын анасына қысым корсеткенін білген соң, барлық шындықты айтуға келісті.
Ғалия Оспанова, Әсеттің анасы, соңғы сот отырысынан қайтып келе жатқан кезде оған бір бейтаныс кісі RIXOS қонақ үйіне Ділнар Инсеновамен кездесуге келуін өтінген. Бірақ Ғалия Оспанова үйіне оралу керек екенін айтып, карсылық білдіреді. Кездесу орнынан көп ұзамай Ғалия аяғы тайып, құлай жаздаған кезде жақын маңайдағы полиция қызметкерлері оны демеп, орнынан тұруға көмектеседі. Бұл жағдайды видеоға түсіріп алған Әбләзовтың адамдары соңынан «Позиция қызметкерлері әйелді сүйреп барады» деген ақпарат таратады. Людмила Козловская кездескен кезде Ғалияға «Егер сіз шындықты айтатын болсаңыз, біз Әсетті қорғаудан бас тартамыз» деп қоқан лоққы көрсеткен. Баласы үшін алаңдаған ана келісуге мәжбүр болады.
Жанар Ахметова «Жанна Бота» деген атпен танымал, бас кезде қорғаушы жалдаған. Кейіннен ол өз сөзінен тайып, Әсет және оның жақындарын алдаумен келген. «Жанна Бота» Әбләзовтың қолдаушысы, Украинаға қашып кеткені белгілі.
Барлық түсірілген ақпараттарды Әбләзов шет елге Қазақстанды жаман бейнеде көрсетіп, елде демократиялық заңның жоқ екенін, ДВК ұйымының мүшелерін іздеп, қамауға алып жатқанын көрсеткісі келген. Әсет Нұржаубайдың анасы Еуропарламентке арыз жазды деген ақпарат та жалған болып шықты.
Әсет «Мен өз түрімді ешқашан көрсетпедім, дауысымды өзгерттім. Әбләзов туралы ешкімге айтпадым. Мені көрген ешкім жоқ. Демек істеген мен екенімді Мұхтардың өзінен басқа ешкім полицияға айтуы мүмкін емес» деп отыр. Ол Әбләзовтан «Менің кінәм неде деп сұрағанда» «Сен және сенің анаң бәріне кінәлі» деп жауап берген. «ДВК ешкандай саясаттық ұйым емес, алаяқтардың ұйымы дейді. Ал Әбләзов диктатордың нағыз өзі. Олар кез келген ақпаратты өз ыңғайына қарап бұрмалап, талқыға салады. ДВК ұйымының ұраны «Кім бізге қарсы шықса, сол біздің жаумыз» деп, адам құқығын аяқ асты етеді. Әбләзов бұл ұйымды сектаға арқау етіп құрған, ол өзін Құдайға теңеп, қалғандары оған бағыну керек деген ұғым бар» дейді сұхбатта ашынған жігіт.

Ілмектер

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close