Технология

ҮЕҰ өкілдері «жасыл» технологияларды алға жылжыту мәселелерін талқылады

Астанада «Бурабай Орхус орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен және ҚР Қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің қолдауымен «Экологиялық мәселелерді шешудегі азаматтық қоғамның рөлі»  тақырыбында сұхбат алаңы өтті.

Аталған сұхбат алаңы  «Қазақстанның халықаралық бастамаларын жүзеге асырудағы азаматтық қоғам», «Жасыл» технологияларды насихаттауда ҮЕҰ мен бизнестің өзара іс-қимылы», «Экологиялық ақпаратқа қолжетімділік, шешімдер қабылдау және әділеттілік, электронды дерек көздері» тақырыптары бойынша үш сессияда өткізілді.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары Б.Нарымбетов, ҚР Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары З.Жолдасов, «Бурабай Орхус орталығы» қоғамдық қорының президенті Л.Львова, «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы»   халықаралық ұйымы ЗТБ Кеңсесінің басшысы Л. Шабанова, «Жасыл болашақ» қоғамдық қорының басшысы А.Брагин, С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетінің доценті Г.Айдарханова және т.б қатысты.

ҮЕҰ өкілдері

Шараға қатысушылар «жасыл» экономикаға көшу, Париж келісімінің міндеттемелерін орындау және ҚР Экологиялық кодексінің нормалары бойынша бастамаларды іске асыруда азаматтық қоғамның рөлін күшейту қажеттілігін атап өтті.

«Үкіметтік емес ұйымдар мен бизнестің өзара іс-қимылы және «жасыл технологияларды алға жылжыту» сессиясы барысында спикерлер «жасыл» технологияларды, соның ішінде экономиканы цифрландыру мәселелерін шешуде бизнес, ғылым және ҮЕҰ тарту тәсілдері мен жолдары туралы әңгімеледі.

Қатысушылар табиғи ресурстарды (су, орман, энергия және басқалар) мониторингілеу және басқару процестерін цифрландыру бойынша заманауи фин технологияларына ерекше назар аударды. Қазақстандық кәсіпкерлердің коммуналдық қызметтер мен жеке тұрғын үй құрылысы деңгейінде цифрландыруды енгізу халықтың өмір сүру сапасын айтарлықтай жақсартуға және техникалық қызмет көрсету құнын төмендетуге мүмкіндік береді.

Шара барысында сондай-ақ жастар мен оқушыларға экологиялық білім берудің  маңыздылығы және оларды «жасыл» жобаларды  жүзеге асыруға тарту мәселесі талқыланды.

Сұхбат алаңының қорытындысы бойынша қолайлы қоршаған орта құқығын қамтамасыз ету үшін  экологиялық мәселелерді шешу бойынша  азаматтық қоғам мен мемлекеттің өзара іс-қимылын нығайту жөніндегі ұсыныстар жобасы қабылданды.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close