Басты жаңалықтарДенсаулық

Дәрі-дәрмектерді сатып алулар электрондық форматқа ауыстырылды

Тегін дәрілермен қамтамасыз ету үшін дәрі-дәрмектерді сатып алуды өткізу жаңа электрондық веб-портал іске қосылды. Бүгін веб-портал ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлерімен дәрілерді мемлекеттік сатып алудың әлеуетті қатысушыларына және үкіметтік емес ұйымдарға таныстырылды.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов құттықтау сөзінде, дәрілермен қамтамасыз ету саласына электронды сатып алуды енгізу денсаулық сақтауды цифрландыру шеңберінде іске асырылатын маңызды жоба екенін атап өтті. «Сатып алудың электрондық форматы әкiмшiлiк кедергiлердi алып тастайды, сатып алу рәсiмдерiнiң ашықтығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз етедi, бұл ақыр аяғында, салаға қазақстандықтардың сенiмiн нығайтуға көмектеседi», – деді министр.

Порталдың функционалдылығы қарапайым және қолжетімді нысанда, мемлекеттік сатып алумен ұқсас, бірақ дәрілік препараттарды сатып алу туралы заңнаманың барлық талаптарын ескере отырып әзірленді. Сатып алуға қатысу үшін компания-өнім берушілердің өкілдерінде ұйымда тіркелген электрондық сандық қолтаңбасы болуы керек.

Портал Бірыңғай дистрибьютордың қызметкерлері және өнім берушілердің өкілдері тарапынан сынақтан өтті. Енді 18 және 19 шілдеде өткізілетін тренингтерден кейін «СҚ-Фармация» қатысуға ниет білдірген барлық әлеуетті өнім берушілердің қатысуымен сынақ сатып алуын өткізеді. Ұсынылған регламентке сәйкес сынақ сатып алу рәсімі 19 шілдеден бастап 26 шілдеге дейін өткізіледі және стандартты тендерлік рәсімдердің барлық сатыларын қамтиды: хабарландыру, өтінімдерді жинау және ашу, алдын ала қарау және өтінімдерге толықтыруларды қабылдау, аукцион және қорытынды өткізу.

Порталдың апробациясынан кейін және қажетті түзетулер енгізілгеннен кейін веб-ресурста әлі жүзеге асырылмаған сатып алу позициялары бойынша 2018 жылға арналған дәрілерді сатып алу ұйымдастырылады. 2019 жылы пациенттерді тегін дәрілік қамтамасыз ету үшін дәрі-дәрмектерді сатып алуды қоса алғанда барлық кейінгі сатып алу электрондық форматта жүзеге асырылады.

Портал Электрондық коммерция орталығының платформасында жұмыс істейді, онда электрондық мемлекеттік сатып алу порталы, «е-Минфин» және «Қазынашылық – клиент» негізделген. Елжан Біртановтың айтуынша, оны іске асырудың маңыздылығы мен әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, жоба Электрондық коммерция орталығы арқылы өтеусіз негізде жүзеге асырылуда.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close