Ақмола облысыБілім

«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында Қазақстандық жас геологтардың V ашық дала олимпиадасы өтеді

Ақмола облысында 2018 жылғы 27 шілде – 3 тамыз аралығында «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында, Бурабай курорттық аймағында «Қазақстандық жас геологтардың V ашық дала олимпиадасы» өтеді.

Ағымдағы жылдың 28 шілдеде сағат 11:00-де олимпиаданың салтанатты түрде ашылу рәсімі өтеді. Салтанатты шараға Ақмола облысы әкімінің орынбасары К.Ідірісов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Г.Баймаханова, ҚР Энергетика министрлігінің Бірінші вице-министрі  М.Досмұхамбетов, ҚР ИДМ Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы А.Надырбаев, Ресей Федерациясының Балалар-жасөсөпірім геологиялық қозғалысы орталық кеңесінің төрағасы, Жер қойнауы пайдалану бойынша федералды агенттіктің бас маман-сарапшысы С.Яшина, Қырғызстан Мемлекеттік өнеркәсіп, энергетика және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы У.Рысқұлов, ірі геологиялық-барлау кәсіпорындарының басшылары мен басқа да сала мамандары қатысатын болады.

Олимпиадаға Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан командалары және Қазақстан өңірлерінен 15 команда бақ сынасады.

Олимпиаданың мақсаты жастарды ерте кәсіби бағдарлау, оқушылардың геологиялық ғылымдарды оқуға деген қызығушылығын арттыру, ғылым ретінде геологияны және оның қолданбалы маңыздылығын әйгілеу, дарынды балаларды анықтап, қолдау, мектеп оқушыларының назарын геоэкология және жер қойнауын сақтау проблемаларына аудару, өскелең ұрпақты отаншылдық, әріптестік және Отанға деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу болып табылады.

Олимпиаданың бас ұйымдастырушылары – ҚР ИДМ Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті, «Қазгеология» АҚ, «ӨГҰҚ» БЗТ және «ҚМГҚ» ҚБ қолдауымен 2014 жылы құрылған «Жас геолог» корпоративтік қоры. Қордың негізгі міндеті Қазақстандық жас геологшылар олимпиадаларын ұйымдастыру және өткізу, кәсіби бағдарлану бойынша жұмыстар жүргізу, ҚР барлық облыстарында жас геологшылар үйірмелерінің желісін кеңейту болып табылады.

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, «Қазмырыш» ЖШС, «Eurasian Resources Group» ЖШС, «Қазгеология» ҰГБК» АҚ, «Хораcан-U» БК» ЖШС, «Байкен-U» ЖШС, «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ, «Теңіззшевройл» ЖШС және т.б. тәрізді Қазақстанның ірі тау-кен өндіруші және геологиялық-барлау кәсіпорындары Қорға демеушілік қолдау көрсетті.

Бүгінгі күні Қазақстанның көптеген кәсіпорындары геологиялық бейіндегі жақсы мамандарға мұқтаж екені бәріне мәлім. Олимпиада ұйымдастырушыларының пікірінше, осы проблеманы шешу үшін жастарды ерте кәсіби бағдарлау негізі және шешуші рөл атқаратын кәсіби даярлықтың ойластырылған саясаты қажет. Осы себепті балалар геологиялық қозғалысын жандандыру Қазақстан Республикасында кадрлық проблемаларды шешуде тиімді бастамаға айналады.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close