Экономика

2018 жылғы қаңтар-маусымда қысқа мерзімді экономикалық индикатор 105,2%-ды құрды

Экономикалық сектор

Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2018 жылғы қаңтар-маусымда 2017 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 105,2% құрды. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ң 60%-н аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

2018 жылғы қаңтар-маусымда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 4529,9 млрд. теңгені құрды, бұл 2017 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда на 25,8% артық.

2018 жылғы қаңтар-маусымда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 13171,7млрд. теңгені құрды, бұл 2017 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 5,2% артық. Кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда өндіріс көлемі 5,5%, өңдеу өнеркәсібінде – 5,2%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда – 4,4% артты. Сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда өндіріс көлемі 2,2% төмендеді.

2018 жылғы қаңтар-маусымда ауыл, орман және балық шаруашылығы жалпы өнімінің (қызметі) көлемі 1012,1 млрд. теңгені құрап, 2017 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 4% артты.

2018 жылғы қаңтар-маусымда «Көлік» саласы бойынша нақты көлем индексі 104,9%-ды құрады.

2018 жылғы қаңтар-маусымда жүк айналымының көлемі 281,9 млрд. ткм (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрап, 2017 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 9,5% артты. Жолаушылар айналымының көлемі 135 млрд. жкм құрап, 5,5% артты.

2018 жылғы қаңтар-маусымда «Байланыс» саласы бойынша нақты көлем индексі 105,9%-ды құрды.

2018 жылғы қаңтар-маусымда «Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 105,9%-ды құрады.

2018 жылғы қаңтар-маусымда бөлшек сауда көлемі 4404,1 млрд. теңгені құрды немесе 2017 жылғы тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 105,6% құрады (салыстырмалы бағада).

2018 жылғы қаңтар-маусымда көтерме сауда көлемі 9342,1 млрд. теңгені немесе 2017 жылғы тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 106,1% құрады (салыстырмалы бағада).

2018 жылғы қаңтар-наурызда сыртқы сауда айналымы 21026,4 млн. АҚШ долларын құрап, 2017 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 24,3% артты, оның ішінде экспорт – 13779,2 млн. АҚШ долларын (27% көп), импорт – 7247,2 млн. АҚШ долларын құрады (19,4% көп).

2018 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 427325 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 7,2% артты, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері бар – 418539 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 269719 құрады, оның ішінде 261410 бірлік шағын кәсіпорындар (100 адамнан кем).

Тұтыну бағасының индексі 2018 жылғы маусымда 2017 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 102,6%-ды құрады. Азық-түлік тауарларға бағалар – 2,9%, азық-түлік емес тауарларға – 2,5%, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтерге 2,4% өсті. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2018 жылғы маусымда 2017 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 8,1% жоғарылады.

Әлеуметтік сектор

2018 жылғы мамырда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 84206 теңгені құрады, бұл 2017 жылғы мамырға қарағанда 5,1% жоғары, нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 1,1% төмендеді.

2018 жылғы маусымда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 163604 теңгені құрады.

2018 жылғы маусымда жұмыссыздар саны бағалау бойынша 434,4 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 4,8% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2018 жылғы маусымның соңына 149,5 мың адамды құрады немесе жұмыс күшіне 1,7%.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close