Астана қаласыТехнология

Smart Astana мобильді қосымшасы арқылы жұмыс табуға болады

Енді тегін Smart Astana мобильді қосымшасының көмегімен онлайн режимінде астаналық жұмыс берушілер ұсынған бос орындарды таңдау мүмкін болды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Smart Astana тегін мобильді қосымшасы онлайн режимде бір мезетте бірнеше операцияны жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, мобильді қосымшада ұсынылған 10 айдарда қызметтің 70-тен астам түрі қолжетімді. Бұдан былай аталмыш қосымша арқылы елордадағы бос жұмыс орындарын табуға болады. Бағдарлама enbek.kz электронды порталымен байланыста жұмыс істейді. Өзекті деген бос жұмыс орындары мұнда да күнделікті жаңартылып тұрады.

Айта кетейік, Smart Astana қосымшасы Apple Store және Play Market-те қолжетімді. Осы уақытқа дейін қосымшаны 120 000 адам жүктеп алған.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close