ҚоғамШымкент қаласы

Шымкентте бірыңғай бейнебақылау жүйесін құру жоспарлануда

Шымкент қаласында жасанды интеллекті бар бірыңғай бейнебақылау жүйесін құру жоспарлануда. Қазіргі таңда «Қауіпсіз қала» жобасы аясында мегаполисте бейне-бақылау камераларының саны 479-ға дейін артып, интеллектуалды қиылыстар 21-ге дейін ұлғайтылды.

Талдау нәтижелері көрсеткендей, бұл жұмыстар қала көшелерінде жасалған қылмыстың деңгейін шамамен 17% -ға төмендетуге мүмкіндік беруде. Қазіргі таңда қалалық әкімдік тарапынан әлеуетті жеткізушілермен нейрондық желілер мен жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, бірыңғай бейнебақылау жүйесін құру туралы келіссөздер жүргізілуде.

Жаңа оқу жылының басында қаладағы криминогендік ахуалы өзекті болып табылатын 30 аумақты қамтыған «Сергек» бейнебақылау жүйесін енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылады.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close