ҚоғамШымкент қаласы

Шымкент қаласында көп қабатты 339 үй жылу маусымына дайын

Бұл жөнінде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Нұрсадық Ергешбек мәлім етті. Бұл көрсеткіш қала аумағындағы көп қабатты тұрғын үйлердің жалпы санының 18 пайызын құрайды (1848). Бюджеттік ұйымдарға келетін болсақ, 364 нысанның 146-сы, яғни, 40% -ы жылумен қамтамасыз етуге дайын.

Қысқы жылыту маусымына дайындық жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде. Коммуналды шаруашылық саласының мамандары жұмыстың жоспарлы уақытта аяқталатынын және қала тұрғындары жылу тапшылығын сезінбейтінін айтады.

– Алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары толық деңгейде жүріп жатыр, – дейді қалалық тұрғын үй-коммуналды шаруашылық бөлімінің басшысы Нұрлан Бектұрсынов. – Өткен жылу маусымынан кейін негізгі және ішкі орамдық жылу жүйелерін сығымдау жұмыстары жүргізілді. Жылумен қамту желілерінде 163 ақау анықталып, бүгінгі күнге дейін оның 49-ы қалпына келтірілді.

Айта кетейік, бұл жұмыстарды «Қуат жылу орталық – 3» мемлекеттік кәсіпорны атқаруда.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close