ДенсаулықҚарағанды облысы

Қарағандыда облыстық ауруханаларды көпсалалы стационарларға біріктіру жоспарланып отыр

Облыстық Қоғамдық кеңестің өткен жиналысында денсаулық сақтау басқарамасының жетекшісі Ержан Нұрлыбаев ауруханалардың жұмысын ұйымдастыруды өзгертетін жоспарлар туралы айтып берді.

Дәлірек айтар болсақ, Оңтүстік-Шығыста жаңа көпсалалы клиника пайда болады. Ол қазіргі таңда қызмет етіп жатқан үш медициналық ұйымдарды біріктіреді: Мақажанов атындағы травматология және ортопедия облыстық орталығы, облыстық медициналық орталық және облыстық жақ-бет ауруханасы.

– Бүгін Мақажанов атындағы клиника екі корпуста орналасқан, оның бірі 1939-шы жылы салынған. 2015-ші жылы онда жөндеу жұмыстары жүргізілгенімен, ғимаратты пайдалану мерзімі аяқталуда. Осыған байланысты, жоғары рентабельділікті ескере отырып (кәсіпорын жыл сайын 500-600 миллион теңге көлемінде кіріске ие),ОМО және облыстық жақ-бет ауруханасымен біріктіру жоспарланып отыр. ОМО аумағында 2,1 га көлемінде жер телімі бар. Біріктіруден соң ОМО аумағында жаңа заманауи корпус құрылысы бойынша жобалық-сметалық құжаттама құру көзделіп отыр. Ол өз кезегінде түрлі жарақат алған науқастарға қажетті көмек көрсетілетін бірыңғай көпсалалы орталық құруға мүмкіндік береді, – деп мәлімдеді қоғамдық кеңес отырысында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев. Оның сөздерін ekaraganda.kz сайты дәйексөзделеді.

Жыл соңында жаңа корпустың құрылысына жобалық-сметалық құжаттамақұруға қатысты келісімшарт орнатылады. Құрылысқа кәсіпорынның өздерінің, облыстық, республикалық бюджеттердің, сондай-ақ жеке инвестициялар жұмылдырылады. Облыстық медицина орталығында жаңа бағыттар мен технологияларды дамыту мүмкіндігі пайда болады.
– Мысалы қазір бізде эпилепсиямен ауыратын науқастар көп, өкінішке орай олар қазіргі заманғы диагностика мен ем алу шараларына қол жеткізе алмай отыр. Осыған байланысты, келешекте біз эпилептология секілді бағытты дамытпақпыз, – деп толықтырды денсаулықсақтау басқармасының басшысы.

Сондай-ақ келешекте Қарағандыда Облыстық балалар клиникалық ауруханасы, балалар ауруханасы мен жақ-бер ауруханасының балалар бөлімі біріктірілетін болады. Нәтижесінде облысымыздың түпкір-түпкірінен келетін кішкентай науқастарды емдейтін көпсалалы балалар стационары пайда болады.

Бұған қоса, облыстық клиникалық аурухана, облыстық тері-венерологиялық диспансері, облыстық перинаталдық орталық пен облыстық инфекциялық аурухананың бірлесуі де жоспарда тұр.

Денсаулық сақтау басқармасында ірі көпсалалы стационарларды құру емделушілерге бір ғимаратта кең ауқымды медициналық қызмет спектрлерін алып, емдеу ұйымдарының дамуына да оң ықпал ететінін айтады.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close