Ақтөбе облысыДенсаулық

Кәріс мамандары Ақтөбе облысының медицинасына цифрлық технологияларды енгізуде

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев IRM компаниясының президенті Сунг-Вук Чоймен кездесті.

Өңір басшысы IRM және PACS компанияларының өкілдеріне Ақтөбе медицина кластерінің материалдық-техникалық базасын жетілдіруге қосқан үлестері үшін ризашылығын білдірді.

Атап айтқанда, бұрын қол қойылған «Сандық медицина: Қазақстан-Корея» ынтымақтастық меморандумын іске асыру шеңберінде Оңтүстік Кореяның IRM компаниясының мамандары Ақтөбе медициналық орталығында PACS-жүйесінің серверін орнатты. Жоба қайтарымсыз негізде жүзеге асырылды, қаржыландыру толықтай Оңтүстік Кореялық компания өкілдері есебінен жүргізіледі.

PACS жүйесі барлық диагностикалық жабдықты біріктіруге мүмкіндік береді. Бұл бейнелерді (томография, флюорография, эндоскопия және т.б.) бір жерде сақтап, оларды жіберу және өңдеу процестерін оңтайланлырады. Орнатылған жабдықтың құны шамамен 180 млн. теңге, сонымен бірге жүйені жаңартумен қоса жыл сайынғы техникалық қолдау көрсету де Оңтүстік Корея тарапынан тегін жүргізілмек.Облыстың басқа медициналық мекемелерін біртұтас ақпараттық жүйеге біртіндеп енгізу жоспарлануда, бұл ауруханалар арасындағы қарым-қатынасты жақсартады және олардың жұмысындағы сабақтастықты қамтамасыз етеді.

– Атқарған жұмыстарыңыз үшін алғыс айтамыз және қол қойылған меморандум негізіндегі, әсіресе емдеу мекемлеріне цифрландыруды енгізу мәселелеріндегі ынтымақтастықты жалғастыруға қызығушылық танытатынымызды растаймыз. Сондай-ақ, біз үшін дәрігерлердің біліктілігін арттыру да маңызды, – деп атап өтті облыс әкімі кезедесу кезінде. Профессор Сунг-Вук Чой PACS жүйесін енгізу медицина кластерінің жұмысын емдеу-диагностикалық процесін ұйымдастыруға заманауи көзқарасқа сай және медициналық қызметтерді ұсынудың халықаралық стандарттарына жауап беретін жаңа сапалы деңгейге қоятынын атап өтті.

– Барлық медициналық мекемелерді бір жүйеге енгізу жобасы Оңтүстік Кореяда былтыр іске қосылған. Бүгінде мың жарым оңтүстік кореялық аурухана мәліметтер алмасу жүйесін жолға қойды. Қазақстанға қатысты айтар болсақ, мүмкіндік бар және біз барлық ауруханалардың өзара мәліметтер алмастыра алулары үшін Ақтөбеден бастап, бүкіл ауруханаларды біріктіруге жұмыстанатын боламыз. Әрине, алда көп жұмыс тұр, – деп жеткізді IRM президенті. Кездесу кезінде ол сондай-ақ, облыстағы емдеу мекемелерінің жарақтануы мен қолда бар кадр әлеуетіне жоғары баға берді.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close