МәдениетПавлодар облысы

Естайдың ұрпағы – Голливудтағы халықаралық байқаудың жеңімпазы

Голливудтағы World Champions Olympic байқауындағы қазақстандық “Бастау” домбырашылар дуэті өз жеңісін ұлттық Домбыра күніне арнады. “Бастау” дуэтінің құрамында “Аспапшылар” номинациясы бойынша алтын медальді иеленген Ернат Наурыз және Павлодарлық ақын, әнші, композитор Естай Беркімбаевтың ұрпағы – Темірлан Олжабай бар. – Менің атам Қыздарбек Әміренов – Естайдың інісі, – дейді журналист, ақынның шөбересі Фархат Әміренов. – Темірлан – Қыздарбек ата мен Танкеш әженің үлкен қызының немересі. Темірланның атасының аты – Олжабай Арал. Ол – Екібастұз ауданының бірінші әкімі. 22 жасар Темірлан Арман анасының айтуынша, домбыра тартумен 5 жасынан айналысқан. Қазір талантты жігіт Астана қаласындағы Қазақ Ұлттық өнер университетінің 3-курсында оқиды.

World Championship of Performing Arts – Лос-Анджелестегі 22-рет өтіп жатқан Халықаралық таланттар олимпиадасы. Биыл мұнда өз бақтарын сынауға 72 елдің өкілдері қатысты. Биыл қазақтың ақыны, әнші-композиторы, Қазақстан композиторлар одағының алғашқы мүшелерінің бірі, еңбегі сіңген өнер қайраткері Естай Беркімбаевтың 150 жылдығы аталып өтетіні жайлы айта кету керек. Шара 21 шілде күні өзінің туған жері – Екібастұз аймағына қарасты Қаражар ауылынан 5 км жерде “Әулиекөл” жағасында өтеді. Мерекелік бағдарламаға шығармашылық зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен диалогтық алаң, республикалық аспапты ән фестивалі, спорттық ойындар, бәйге және т.б. енгізілген.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close