Ақмола облысыМәдениет

Белгілі «Біржан – Сара» операсы алғаш рет Бурабай курорты табиғатының аясында көрермендерге ұсынылды

Ақмола облысы ежелден берi қайталанбас бiрегей табиғат сұлулығымен аты шықты. Бұл өңiрде ұлы ақындар — Бiржан сал, Ақан серi, Балуан Шолақ, Үкiлi Ыбырай дүниеге келген. Олардың арасында халық жүрегiнде Бiржан сал ерекше орын алады, оның шығармашылығы ұлт өнерiн жаңа деңгейге көтердi. Мерекелiк мерейтой — аудан құрылуының 90 жылдығы қарсаңында осы өңiрдiң ұлы ақынның құрметiне Бiржан сал ауданына өзгертiлуi (Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2017 жылғы 13 желтоқсандағы Жарлығымен Ақмола облысының Еңбекшiлдер ауданы Бiржан сал ауданына өзгертiлдi) және елорданың 20 жылдығында — ақмола жерiнде ұлы даланың асқақ ақыны Бiржан салдың есiмi қайта жаңғырды.

Абылай хан алаңқайында ашық аспан астында «Бiржан — Сара» қазақ опера өнерi классикасының қойылымы үлкен аншлагпен өттi. Жаңа музыкалық-сахналық редакциясындағы теңдесiз туындының қойылымы биыл көктемде «Астана Опера» сахнасында өткен болатын және ұлаңғайыр жетiстiкке жеттi. Ендi мiне, ұлы сазгер Мұқан Төлебаевтың атақты операсы алғаш рет мыңдаған жұртшылыққа Бурабай курорттық аймағының нағыз ортасында ұсынылды.

«Бiржан — Сара» қазақ опера өнерiнiң нақтылы игiлiгi болып табылады. Қойылымға барынша шынайылық беру және қазақ табиғатының бiрегей әлемiн көрсету үшiн, осы спектакльдi елiмiздiң көрiктi жерi — Бурабай курортында қою туралы шешiм қабылданды.

Дирежер таяқшасының алғашқы қозғалысы мен Мұқан Төлебаевтың атақты музыкасы көрермендердi Ұлы даланың кеңiстiгiне бiрден жетелеп кеттi. Ашық аспан астында қойылым жаңа мүмкiншiлiктер ашты: Бiржан сал алыстан ән шырқады, ал орман акустикасы әнге ерекше әуен бердi, таза табиғаттың өзi декорацияның бiр бөлiгiне айналды. Театр қабырғасында барлық көрермендердi таң қалдырған тамаша сарқырама, жұртшылықтың қиялына әсер еткен жәрмеңкенiң жарқын картиналары да сахнада орын алды. Дегенмен де, оркестрдiң үйлесiмдi әуенi мен салистердiң тамаша дауыстары, тамаша музыка симбиозы көркем таулар мен орманның қоршауында жаңаша дауысы, осы кештiң басты әшекейi болды.

Қойылымның барлық шығармашылық құрамы — отандық және әлемдiк сахналардың жұлдыздары. Симфониялық оркестр, операның үздiк солистерi мен билет әртiстерi Бурабай курорттық аймағының басты алаңында көрермендердiң алдында өз өнерлерiн үлкен жеңiспен көрсете бiлдi. Партияның басты орындаушылары түрлi халықаралық байқаулардың лауреаттары, Қазақстанның еңбек сiңiрген әртiстерi, олардың көпшiлiгi осы тамаша көркем өлкенiң тумалары. Бiржан — көптеген халықаралық байқаулардың лауреаты Мейiр Байнеш, Сара — Қазақстанның еңбек сiңiрген әртiсi, мемлекеттiк сыйлықтың лауреаты Майра Мұхамедқызы, Жанбота — Қазақстанның өнер қайраткерi Жанат Шыбықбаев, Аналық — Қазақстанның өнер қайраткерi Дина Хамзина, Алтынай — Қазақстанның өнер қайраткерi Салтанат Ахметова және басқалары.

Бiржан мен Сара тарихы мыңдаған ұрпақтарды бiрiктiруге мүмкiндiк бердi, халық есiнде махаббаттың ұлы күшi ретiнде қалды. Ұлы сазгердiң iзбасары, КСРО және ҚазКСР халық әртiсi Ғазиза Жұбанова: «Бiржан мен Сара» операсы — ұлы сазгердiң ұлы еңбегi. Жылдар өтедi, ал осы өшпес шығарманың тартымды әсерi алдағы ұрпақ көрермендерiн өзiне тарта бередi. Мұқан Төлебаев — жұлдызды, өзiндiк қайталанбас тұлға, кемеңгер дарынды сазгер. Оның аты қазақ музыка мәдениетiнiң тарихына мәңгiлiкке жазылды. Оның аты — Әлемдiк ұлы музыканттардың қатарында» — деп атап өткен болатын.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close