Алматы облысыТехнология

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында IT және робототехника сыныбы ашылды

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы бойынша Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылындағы № 1 орта мектепте IT және робототехника сыныбы ашылды.

Салтанатты рәсімге Парламент Мәжілісінің депутаты Зағипа Балиеваның қатысуымен өтті.

Бұл ІТ сыныбы «Нұр Отан» партиясының «Балаларға арналған тегін ІТ сыныптарын ашу» жобасының негізінде жүзеге асып отыр. Бұл бастаманы қолдаған бастамасымен облыстық маслихат депутаты «Нұр Отан» партиясы фракция мүшесі, кәсіпкер Жангелді Осан демеушілік жасап, сыныпты жабдықтап берді. Бұл аудан орталығынан шалғай ауылдағы орналасқан елді мекендердегі жасөспірім балаларға ғылыми техникалық мүмкіндіктердің қыр-сырын меңгеруге, ғылым жетістіктерін шынайы өмірде қолдана білуге, заманауи технологияны жетік меңгеруге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ аталған жүйе креативті ойлауға баулып, жастардың техникалық пәндерге деген ынта жігерін оятуға бағытталған. Аталған іс-шара еліміздегі цифрландыру үдерісіне, азаматтардың цифрлы сауаттылығын арттыруға үлесін қоспақ.

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:

«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты http://www.zhetysu.gov.kz»

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close